
Бүгін “Сенім” элитарлық мектеп-балабақша кешені мен «KazRobotics» білім беру және спорттық робототехника федерациясының Атырау филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
✅Маңызды іс-шарада мектеп директоры Мұқанова Гүлмира мен аталған ұйымның филиал директоры Асқар Алдан нәтижелі келіссөз аясындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.
✅Құжатта федерация 2024 жылы оқу орынында робототехника жасау, 3D модельдеу, лазерлік кесу және жасанды интеллект тағы да басқа курстар мен шеберлік сабақтарын өткізуді көздейді.
✅Жобаға 13-24 жас аралығындағы жоғары мектеп оқушылары мен студенттер қатыса алады.
✅Бұл меморандум ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі мектептің тағы бір маңызды қадамы.
✅Жоба «Теңізшевройл» ЖШС-нің Әлеуметтік инвестиция бағдарламасы аясында «KazRobotics» федерациясының Атырау филиалы “Сенім” элитралық мектеп-балабақша кешенімен, «Терен ой» дамыту орталығымен, сондай-ақ Жылыой жас техниктер станциясымен серіктестікте жүзеге асырылуда.